Президент • 30 Қыркүйек, 2022

Президент Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды тапсырды

1598 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Семейде заманауи жылу электр орталығын салуды тапсырды

«Семей қаласының инфрақұрылымы әбден тозған. Жазда ыстық су жоқ, ал қыста үйлер жылынбайды. Қаладағы жылу электр орталығынан шығатын зиянды қалдықтар ауаны шектен тыс ластап жатыр. Бұл мәселелерді түпкілікті шешетін уақыт жетті. Сондықтан, Үкіметке әкімдікпен бірлесіп, Семейде заманауи жылу электр орталығын салу және инфрақұрылымды жаңарту мәселесін қарастыруды тапсырамын. Жоба халықтың тұрмыс сапасына, сондай-ақ өңір экологиясына оң ықпалын тигізетіні анық», деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, Президент Абай облысына жұмыс сапарымен барды.