Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2022

Таразда базардан өрт шықты

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласындағы «Береке» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Таразда базардан өрт шықты

Ведомство мәліметінше, өрт бүгін таңертең сағат 7.52-де тіркелген.

«30 қыркүйекте сағат 7.52-де өңірдегі департаменттің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының 101 телефонына Тараз қаласы Мәмбет батыр көшесіндегі «Береке» базарының асханасы мен сауда дүңгіршектерінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жоғары шақырту бойынша департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдары, атап айтқанда 56 қызметкер және 13 техника шықты», делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, өрт сағат 8.30-да оқшауланған, өртті жою жұмыстары әлі де жалғасуда. Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.