Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2022

Президент Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды

341 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Талғат Амангелдіұлы Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды

«Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Амангелдіұлы Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.

Талғат Жақан 1965 жылы 7 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.

1987 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірді, экономика магистрі.

1988-1992 жылдары Қазтұтынуодағы республикалық есептеу орталығының есептеу техникасын енгізу бөлімінің инженері, экономисі болып жұмыс істеді.

1992-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы Қаржы-валюталық бақылау Комитеті басқармасының бас бақылаушы-тексерушісі болды.

1996-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы, валюта-қаржы департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болды.

2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2010 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімін басқарды.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болды.

2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2016 жылға дейін ТМД Атқарушы комитетінің қаржы департаментінің директоры қызметін атқарды.

2016 жылдан 2021 жылға дейін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды.

2021-2022 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасы жанындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысы болды.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысының орынбасары болып жұмыс істеді.