АСТАНА. 20 мамыр. Еуразиялық экономикалық одақ еліміздің ғарыш саласы бойынша келісімшарт жасасқан барлық мемлекеттермен ынтымақтастығын қолдайды.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Елімізде соңғы 7 жыл ішінде бейбітшілік мақсатында ғарышты игеруге қатысты16 келісім мен ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойылған. Соның нәтижесінде көптеген мемлекеттермен халықаралық орнықты қарым-қатынас қалыптасты.
Осы 16 келісім құжаттарының 5-еуі Украина, Ресей, Израиль, Франция және Қытай мемлекеттеріне қатысты. Бұлар үкіметаралық деңгейде келісілген. Ал қалған 11 келісім-шарт Үндістан, Жапония, Германия, Корея, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Арабия Корольдігі, Тайланд, Ұлыбритания, Швеция, Нидерланды сынды елдердің ғылыми ғарыш орталықтарының қатысуымен түзілген.
Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Еркін Шаймағамбетовтің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу саласы бойынша тарифтік жеңілдіктер қарастырылып отыр. Сондай-ақ, ғарыштық аппараттарды ұшыруға да мүмкіндіктер бар.
Еркін Шаймағамбетов: « «ҚазСат» жерсерігі, жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесі сияқты қымбат жобалар үшін мемлекеттік бюджеттен айтарлықтай қолдау болады», – деді.
Ағымдағы жылы Еуразиялық экономикалық одақ аясында Беларусь елімен ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу саласындағы үкіметаралық келісімге қол қою жоспарланып отыр.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: «ҚазАқпарат».
Фото: Newskaz.kz.
• 20 Мамыр, 2014
Еуразиялық экономикалық одақ ғарыш саласын игеруді қолдайды

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше