Қоғам • 01 Қазан, 2022

Ұлттық ұлан оркестрі 88 жастағы тыл еңбеккеріне арнап өнер көрсетті

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гагаринге барды. Жақында тыл еңбеккері 88 жасқа толды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ұлан оркестрі 88 жастағы тыл еңбеккеріне арнап өнер көрсетті

Халық қаһарманы, полковник Қайрат Үмбетов бастаған Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның ақпараттық-насихаттау тобы Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетті.

«Ұлттық ұлан әскери оркестрі үйдің ауласында соғыс жылдарындағы әндерді ойнады. Оркестрдің сүймелдеуімен ардагер Иван Федоровичке ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының алғыс хаттары, сондай-ақ бағалы сыйлықтар табыс етілді», делінген хабарламада.

Содан кейін ардагер әскерилерді үйіне шайға шақырып, өзінің өмір жолы туралы айтты.

27 қыркүйекте Иван Федорович өзінің 88 жылдық мерейтойын атап өтті. Ол еңбек жолын 7 жасынан  колхозда бұзауларды бағуға және көкөніс көшеттерін күтуге көмектесуден бастады.

1954 жылы 1 қыркүйекте КСРО Қарулы Күштеріне шақырылып, 33 жылға жуық қызмет етті.

1992 жылдан 1996 жылға дейін 6638 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы болды.

«Бүгін республикалық тур аясында біз қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске аламыз. Көріп отырғаныңыздай, тас тақтада қаза тапқандардың есімдері  түсіп, соғыстың нақты суреттері бейнеленген. Мұндай іс-шаралар белгілі бір күндерде ғана емес, жиі өткізілуі керек. Өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм және конституциялық борышқа адалдық рухында тәрбиелеу біздің басты басымдығымыз. Сондықтан бейбітшілік пен тыныштық жолында өзін құрбан еткендерге тағзым етеміз», деді Халық қаһарманы.