Түркияның Изник қаласында өтіп жатқан халықаралық додаға әлемнің 21 елінен 75 мерген келген болатын.
Үш стиль бойынша жарыста қазақстандық спортшылардан жамбы атудан Әлем чемпионы Ералхан Айкөз үздіктер қатарынан көрінді.
Ералхан «қабақ» атудан (түрік стилі) күміс жүлде иеленсе, «табла» атудан (түрік стилі) қола жүлде алды.
Венгр стилінде нысанадан мүлт кеткен Ералхан жалпы есепте (үш стилді қосқанда) бесінші орынға тұрақтады.
Ұлттық құрама мүшелерін жамбы атудағы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!