Әлем • 02 Қазан, 2022

Индонезияда футбол матчында 120-дан астам адам көз жұмды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индонезияда, Ява аралында өткен футбол матчында 129 адам қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Индонезияда футбол матчында 120-дан астам адам көз жұмды

Маланг қаласында «Arema» мен «Persebaya Surabaya» футбол құрамасы ойнаған. Арема клубының жанкүйерлері 3:2 есебімен жеңілгеннен кейін алаңда төбелес бастады.

Маланг штатының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Виянто Вийойо 120-дан астам адамның қайтыс болғанын, сондай-ақ билік құрбандардың санын әлі де санап жатқанын айтты.

Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша, олардың көпшілігі стадионды тастап кетпек болған кезде тапталып қалған.

Индонезия футбол қауымдастығы (PSSI) футбол матчтарын бір аптаға тоқтатты, Arema футбол клубына маусымның соңына дейін матч өткізуге тыйым салды және төбелестің себебін анықтау үшін Маланг қаласына тергеу тобын жіберетінін айтты.