Спорт • 02 Қазан, 2022

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен 60 келі салмақта Марат Нығматуллаев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Қазақ күресінің бәсекесіне әлемнің 20-ға жуық елінен 60-тан астам балуан келген, оның ішінде 19 бұрымды балуан бар.

Жеңімпаз Марат Нығматуллаев финалда моңғолдың балуанын 2 минутта «таза жеңіс» әдісіне түсірді.

Бұған дейін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында садақ атудан Қасымхан Қанат финалда түріктің Оғыз Оқшы мергенімен күш сынасып, күміс жүлдеге ие болғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар қабақ ату (түрік стилі) бойынша қазақстандық спортшы күміс жүлдеге ие болды.