Теннис • 02 Қазан, 2022

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен жеңіске жетті

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Чэнду қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Өзбекстан өкілдерін ұтып, алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы үстел теннисінен жеңіске жетті

Өзбекстан теннисшілері қазақстандық Денис Жолудев, Кирилл Герасименко және Алан Құрманғалиевтен ұтылды. Есеп - 3:0.

Денис Жолудев - Абдулазиз Анорбоев– 3:0 (11:6, 11:6, 11:8).

Кирилл Герасименко - Шохрух Искандаров– 3:0 (11:2, 11:6, 11:8).

Алан Құрманғалиев - Эльмурод Холиков– 3:0 (11:5, 11:2, 12:10).

2022 жылғы Әлем чемпионатының үш турынан кейін Қазақстан теннисшілері турнир кестесінде төртінші орынға шықты. Кесте бойынша Франция, Үндістан және Германия алдыңғы қатарда тұр.

Қазақстан құрамасы 3 қазанда Үндістан спортшыларымен бақ сынасады.

Соңғы жаңалықтар