Саясат • 03 Қазан, 2022

Алғашқы үміткер

1251 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президенттікке алғашқы кандидат «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылды. Партияның кезектен тыс ХХ съезінде президент сайлауы­на үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаевтың есімі аталды.

Алғашқы үміткер

«Ауыл» ХДП партиясының төрағасы Әли Бектаев кезектен тыс өтетін президент сайлауына президенттікке үміткер ретінде партияның атынан Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Молдахалықұлы Дайрабаевтың кандидатурасын съезд қарауына ұсынды. Съезд делегаттары ұсынылған кандидатураны қолдап, бірауыздан дауыс берді.

«Ауыл» партиясы кезектен тыс президент сайлауы Жаңа Қазақстанның қалып­тасу жолындағы маңызды кезең болады деп сенеді. Сондықтан да халықтық-демократиялық патриоттық партия 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатынын мәлімдейді. Президент сайлауына кандидат ұсынуы партияның еліміздегі іргелі қоғамдық-саяси ұйымдардың бірі ретінде Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген құқықтарын қолдана отырып, демократия принциптеріне сай, мемлекет өміріндегі маңызды оқиғаларға қатысудағы шешімі мен ерік-жігерін айқын танытады. Президент сайлауына қатысу арқылы «Ауыл» партиясы өзінің жарғысы мен бағдарламасында көрсетілген мақсаттарын, стратегиялық міндеттерін алға тартады», деп мәлімдеді партия төрағасы Әли Бектаев.

«Алда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы келе жатыр. Партия кезектен тыс сай­лаудың жариялануын қазіргі кезеңде қалып­тасқан күрделі геосаяси ахуал­ға байланысты қабылданған оң шешім, еліміз­дің бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға бағыт­талған маңызды қадам деп санайды. Саяси дода ашық бәсекелестік пен әркімге тең мүмкіндіктер ұсынатын «халық үніне құлақ асатын мемлекет» пен «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамаларын қалыптастыру жолын­дағы Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асырудың негізгі алғышарты болмақ», деді партия мүшелері.

Партия съезінде делегаттар елімізде өткен жалпыұлттық референдумда отандастарымыз Мемлекет басшысы ұсынған конс­ти­туциялық реформаларға айқын басым­дықпен қолдау білдіргенін айтты. «Қазақстанда мемлекеттің саяси жүйесін жетіл­діру бағытында ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып, ел азаматтарының әлеумет­тік тұрғыдан қамтамасыз етілуін жетіл­діру бағытында жүйелі жұмыстар жүр­гізі­ліп келеді. Азаматтарымыздың әл-ауқаты­ның сапалы өсуі мемлекеттің эко­номи­калық саясатының негізгі мақсатына айналды», деді партия жетекшісі.

Ол сондай-ақ «Ауыл» партиясы алдағы саяси додаға қатысу арқылы ауыл тұрғын­дары­ның, еңбек адамдарының, адал еңбек­керлердің мұң-мұқтажын қозғап, мүддесін қорғайтын ұйым ретінде саяси ұста­нымын тағы бір мәрте дәлелдейтінін айтты. Пар­тияның бұл ұстанымдары «Ауыл» ха­лық­­тық-демократиялық патриот­тық пар­тия­сы­н­ың 2022 жылғы 20 қараша­дағы Қа­зақ­­стан Республикасы Президенті­нің сай­­лауына қатысу туралы мәлімдеме­сінде де айқын көрініс тапқан. «Ауыл – дәс­түрлі құндылықтарымыздың тамыры мен бастауы, өнегелі адамгершілік дәс­түр­­лерінің өзегі, халқымыздың тілі мен мә­дени діңгегін сақтаушы. «Ауыл» пар­тия­­сы­ның жүз мыңдаған мүшесінің ара­сын­да кез келген дағдарыс­тан шығу үшін мем­ле­кеттік стра­тегияға негізделген нақты бағ­дарла­ма­ларын ұсына алатын, ел экономикасын жаңаша сапалық деңгейге көтеруге қабі­летті, кәсіби деңгейі жоғары ауыл шаруа­шы­лығы саласының мамандары, ғалым­дар және әлеуметтік сала маман­дары жет­кілікті. «Ауыл» халықтық-демо­кра­тия­лық пат­риоттық партиясының басты мақ­саты – саяс­и тұрғыдан тұрақты, эконо­ми­­ка­лық тұр­ғыдан өркендеген, әлеумет­тік тұр­ғыдан әді­лет­ті Жаңа Қазақстан­ды қа­лыптас­тыру­ға атсалысу. Біз әрбір қазақ­стандықты ал­да­ғы сайлауға қатысып, еліміз үшін аса ма­­ңыз­ды тарихи кезеңде азаматтық бел­сен­­­ді­лі­гін танытуға шақырамыз!», делінген мәлімдемеде.