21 Мамыр, 2014

Үлгі алар игі шара

279 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мектептің жүрегі болып саналатын мұғалімнің бір қыры спортта танылады. Соның жарқын дәлелі ретінде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы «Қорғау-защита» қауымдастығының ұйымдастыруымен «Кәсіподақ – еңбеккердің тірегі, жалынды жастар – тәуелсіздік жүрегі» атты жарысты айтуға болады. Алматы облысы, Іле ауданының орталығында өткен дәстүрлі шарада жетісулық жас ұстаздар спорттың 6 түрінен сынға түсті. SONY DSC«Елбасы мемлекеттің еңбек қатынастарын жетілдіру мәселелеріндегі әріптестердің бірі кәсіподақтар екенін нақтылағаны мәлім. Үлгі тұтарлық игі шараның басты шарты – жас­тар тәрбиесінде істелініп жатқан жұмысты жандандыру, елімізде салауатты өмір салтын жақсарта түсуге үлес қосу» деді Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов. Келесі кезекте, білім және ғылым қызмет­­­кер­­­­лері кәсіподағы «Қорғау-защита» қауым­дас­тығының төрағасы Тоққожа Естенов, Алма­ты облыстық мәслихатының хатшысы Ермек Келемсейіт жалынды жастар еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанымыздың жарқын болашағы, білімді, білікті, дені сау ұрпақты оқу мен спорт жолына баулу міндет екендігін баса айтты. SONY DSCСонымен, тоғызқұмалақтан Қарасай ауданы, шахматтан Іле ауданы, үстел теннисінен Талғар ауданы, жеңіл атлетикада Еңбекшіқазақ ауданының желаяқтары 60 метрге жүгіруден Айнұр Қасымова, 100 метрге жүгіруден Серік Абиров, волейболдан әйелдер арасында Талғар ауданы, ерлер командасында Жамбыл ауданы, футболдан Іле ауданының аяқ доп шеберлері жүлделі І-орынды жеңіп алды. Сөйтіп, Алматы облыстық білім саласы қызметкерлері арасында өткен Х облыстық жастар спартакиадасының жеңімпаздары 3 млн. теңге көлемінде сыйлық алып, көңілдері хош болумен қатар оқушылар арасында сала­матты өмір салтын насихаттауға ерекше кірісуге құлшынып қайтты.   Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.