Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Флорида штатында 76 адам, Солтүстік Каролина штатында тағы төрт адамның қайтыс болғаны расталды. Жергілікті полиция қызметкерлері қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін екенін айтты.
28 қыркүйекте Флориданың оңтүстік-батыс жағалауында төртінші санаттағы «Йэн» дауылы болды. Қатты дауыл мен су тасқыны көптеген үйлерді, инфрақұрылымды, көліктер мен кемелерді зақымдады. Қазіргі уақытта жүз мың адам әлі жарықсыз отыр. 30 қыркүйекте дауыл Атлант мұхитынан Оңтүстік Каролина штатына жетіп, күшін бірінші санатқа дейін төмендетті.
АҚШ-тың апатты бағалау агенттіктерінің мәліметінше, «Йэн» дауылы 28 миллиард доллардан 47 миллиард долларға дейін шығын әкелді.