Бокс • 03 Қазан, 2022

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның қарсыласы анықталды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның 7 қазан күні Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтетін кезекті жекпе-жегінде қарсыласы өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның қарсыласы анықталды

Бастапқыда Қазақстандық боксшының қарсыласы Доминикан Республикасының өкілі 32 жастағы Эдвард Уллоа Диас еді.

BoxRec.com мәліметінше, оның ендігі қарсыласы 38 жастағы аргентиналық Хавьер Франциско Монтиэль (34-17, 23 КО). Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.

Қанат Ислам үшін бұл жекпе-жек 2022 жылғы екінші жекпе-жек болмақ. Алдыңғы кездесуде ол Джимми Келлимен (26-3, 10 КО) WBO Global титулы үшін жекпе-жекте жеңіліске ұшырады.