Оқиға • 03 Қазан, 2022

Ресейде оқушы қыз әскери комиссариатты өртеп жібермек болды

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Қазан қаласында әскери комиссариатты өртеп жібермек болған оқушы қыз ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде оқушы қыз әскери комиссариатты өртеп жібермек болды

«11-сынып оқушысы Журналистер көшесіндегі Совет ауданы әскери комиссариатының ғимаратына қарай бет алған. Қыздың қасында үш «Молотов коктейлі» болған. Ол екі бөтелкені ғимаратқа лақтырған. «Молотов коктейлі» әскери комиссариатқа бірнеше метр жетпей қалған», деп жазылған Оxu.az агенттігі таратқан ақпаратта. 

Ұстау кезінде оның қолында тағы бір «коктейль» болған. Бойжеткен полицияға Украинадағы соғыс пен мобилизацияға қарсылығын осылайша білдірмек болған. Осыдан кейін студент қамауға алынды. 

Дәл осындай оқиға Красноярск қаласында да болды. Белгісіз біреу Кеңес және Орталық облыстардың әскери комиссариаты ғимаратына екі «Молотов коктейлін» лақтырған. Аумақтағы шөп өртеніп, оны ғимарат күзетшілері сөндіріп үлгерген. Ал өртті қойған адам оқиға орнынан қашып кеткен.