21 Мамыр, 2014

Қаражаттар елге қайтарылуы керек

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті. Қазақстанның 138 миллиард теңгесі оффшорда жатыр. Бұл жағынан еліміз әлем бойынша алғашқы ондыққа кіреді екен. Қомақты қаражатты енді елге қайтаруға қам жасау қажет. Жиында оффшордан бөлек 6 мәселе ортаға салынып, мемлекеттік сатып алудағы жариялылықтың жетіспеуі жіпке тізілді. Сондай-ақ, «СТ- КЗ» форматындағы отандық сертификаттың заңсыз айналымы да назардан тыс қалмады. «Бұл кеңес кәсіпкерлік бас­тамаларды жүзеге асыруға құқық­­­тық, экономикалық және әлеу­меттік тұрғыда серпін бермек. Сонымен қатар, жиында сы­бай­лас жемқорлық пен көлең­келі эко­номикаға қарсы іс-қи­мыл­дардың халықаралық тәжі­ри­бесі зерт­теліп, ұлттық заңнамаға енгізу керектігі айтылды», деді Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасы төрал­қа­сы­ның мүшесі Талғат Доскенов. «Егемен-ақпарат».