21 Мамыр, 2014

«KADEX-2014»

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жақында Астанада өтетін халықаралық «KADEX-2014» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің басты дайындығы ерекше қызығушылықты байқатты. ERM_1774Қорғаныс министрлігі осымен үшінші рет өткізгелі отыр­ған көрмеде қорғаныс өнер­кә­сібіндегі соңғы жетістіктер, әлем­дік өндірушілердің қару-жарақ саласындағы жаңа өнімдері кеңі­нен көрсетілетін болады. «KADEX-2014» көрмесі бұ­рын­ғы көрмелерден ғарыштық тех­нологиялар, авиациялық қару-жа­рақ, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдары, ІТ-технология, байланыс жүйелері мен құралдары, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету секцияларының артуымен ерекшеленеді. Астанаға әлемнің 27 елінен 300 компанияның өкілдері келеді деп күтілуде. Әлемдік қару-жарақ өнді­ру­шілер тарапынан Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешеніне қызығушылықтың артқанын көрсетіп отыр. Биылғы көрмеде тұңғыш рет отандық аэроғарыш өнеркәсіп өнімдерінің үлгілері көрсетілетін болады. Іс-шараға 80-нен астам отандық компаниялар қатысады. «KADEX-2014» көрмесін жа­риялауға 40-тан астам қазақ­стан­дық және шетелдік БАҚ-тың 200-ден аса журналисі тіркелген. ERM_1894Көрмеге қатысушыларға «Да Винчи» ұшқышсыз ұшу аппараты, «Еурокоптер» тікұшағы, Кам­аз-53949 базасындағы «Тай­фун»­ бронды автокөлігі, «Федерал»­­ автокөлігі көрсетіледі. Көр­­­ме­ге қатысушылардың наза­рына «Семей Инжиниринг» АҚ-та жаң­ғыр­тыл­ған Т-72Б танкісі, ­жаяу әскер жауынгерлік маши­на­сы БМП-2, БТР-80 брон­ды­транс­портерінің мүмкін­дік­тері ұсынылады. Көрменің негізгі бөлігін іскер­лік, оның ішінде халықаралық ғылыми-техникалық конференциялар, презентациялар, «дөң­гелек үстелдер» құрайтын бола­ды. Қазіргі заманғы әскери-техни­калық саясаттың өзекті мәсе­лелері, сондай-ақ, қару-жарақ және әскери техникалық мүлік­тер­ді сатып алу мәселелері талқыланады. Барлық көрсетілімдік және іскерлік бағдарламалар қорғаныс-өнеркәсібін қарқынды дамыту, инвестиция тарту, же­текші халықаралық өнді­ру­ші­лермен әскери-техникалық ынты­мақ­тастықты нығайту сияқты тап­сырмаларға бағытталған. Көрмеде қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік сала­сындағы бірқатар маңызды ке­лісімшарттарға, келісімдер мен ме­морандумдарға қол қою жоспарланып отыр. «Егемен-ақпарат».