«30 жыл ішінде елдер теңдік пен сыйластық қағидаттарына негізделген сенімді және өзара тиімді ынтымақтастық орната алды. Астана мен Афина әлемдік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұқсас ұстанымдарды ұстанады және әртүрлі халықаралық ұйымдар шеңберінде бір-бірін белсенді қолдайды», деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Спикердің айтуынша, Қазақстан мен Греция экономикалық саладағы қатынастарды дамытуға ерекше мән береді..
«Соңғы жылдары елдер арасындағы тауар айналымы қарқынды өсуде. Биылғы жылдың алғашқы жеті айында ол 1 млрд АҚШ долларынан сәл асып, 40%-ға өскен», деді Айбек Смадияров.