Әлем • 03 Қазан, 2022

Чехия билігі азаматтарын Ресейден кетуге шақырды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияның Сыртқы істер министрлігі Ресейде қалған республика азаматтарын қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты елден кетуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Чехия билігі азаматтарын Ресейден кетуге шақырды

Тиісті құжат ведомствоның сайтында жарияланды.

«Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясында қалған Чехия азаматтарын елден кетуге шақырады», делінген құжатта.

Министрлік республика тұрғындарын Ресей Федерациясының аумағына барудан бас тартуды қатаң ескертеді.

Сондай-ақ ведомство Ресей мен Еуроодақ мемлекеттері арасындағы шиеленіскен қатынастарға байланысты Мәскеудегі Чехия елшілігінің жұмысында шектеулер болуы мүмкін екенін қоса хабарлады.