Пікір • 04 Қазан, 2022

Жаңашылдыққа жаңылмай жетсек...

55 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл маңызды қадам жұртшылықтың жарқын болашаққа деген сенімін арттыра түскені анық.

Алдағы сайлауда жеңіске жет­кен кандидат елді жеті жыл басқа­рады және ол ең жоғары лауазымды қызметті бір-ақ мерзім атқарады, қайта сайлана алмайды. Бұл норма Ата Заңымызбен толықтай бекітілді.

Аталған қадам – еліміздің демо­кра­тиялық құндылықтарға бет бұ­руының басты көріністерінің бірі және бұл әлемдік тәжірибеде де кездеседі. Мә­се­лен, Израиль, Италия, Ирландия секілді мемле­кет­­терде мұндай тәжірибе бұ­рыннан бар.

Шыны керек, еліміз үлкен өзге­ріс­тердің алдында тұр. Ол үде­­рістер басталып та кетті. Ал Пре­зи­денттің осы шешімі өз­геріс­тер­дің нақты демократиялық бағытта өрбіп жатқанын анық көрсетеді.

Ел Президенті Жолдау барысында шикізаттық өндірістен өнеркәсіптік өндіріске бет бұру, нақты секторды дамыту, әлеуметтік салаға баса мән беру, азаматтарды барынша өнімді жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау секілді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындады. Осы және өзге де маңызды салалар сайлаудан кейінгі еліміздің экономикалық-әлеу­меттік дамуының басты бағыт­тарына айналады деген сенім мол. Мемлекет басшысы ха­лыққа жолдаған үндеуінде сайлау­дың қатаң түрде заңға сәйкес шетелдік, отандық байқау­шы­лардың қатысуымен әділ әрі ашық өтетінін шегелеп айтты. Әділетті Қазақстанға қадам басқанымызды сезінетін күн алыс емес.

Мән беріп қарайтын болсақ, Прези­денттің айтып отырған ойлары қаншалықты өзекті екенін ұғыну қиын емес. Экономика­лық сын-қатерлер сәт санап ар­тып келеді. Осы орайда елі­мізде жүр­гізіліп жатқан әлеуметтік-саяси, экономикалық реформа­лар трансформациясының сабақ­тастықпен жалғасын табуы өте маңызды.

Бүгінге дейін жүргізілген рефор­малардың сауатты жалғасын табуы үшін Әділетті Қазақстан жағдайында Президентке халық­тың сенімі керек. Сондықтан алды­мызда өтетін кезектен тыс Президент сайлауының тек саяси ғана емес, ел арасындағы бірлікті, ұлттық үндестікті нығайту жолында рухани астары да бар.

Бұл сөзімізге дәйек болсын, Мемлекет басшысы Түркі­стан облысына сапары ке­зінде мемлекеттігімізді сақ­­тап, өсіп-өркендеуіміз үшін ел бір­лігі ауадай қажет екенін, ал бей­біт­шіліктің, тыныштық пен тұрақтылықтың кепілі бір­лікте екенін, әлемдегі болып жат­қан шиеленістерге қатысты елі­міздің мүддесі халықаралық ұйымдардың ұстанымдарымен ұштасатынын, күрделі жағдайда біз үшін ең басты күш – бірлік, парасаттылық және төзімділік екенін баса айтқан болатын.

Біз бір дүниені қаперден шығармасақ деймін. Қандай да бір реформа бір күндік дүние емес. Ауыл мен ауылдың арасын жалғайтын жолды өзгертудің өзі орасан жұмысты талап етеді. Ал елдің жаңа бағытын айқындау қаншама жұмыс, қайрат пен уақытты талап ететінін өзіңіз сараптап, аңдап көріңіз. Бастысы, біз жаңа бағытымызды таңдадық. Әділетті Қазақстан құру жолында талай сын кездесетіні сөзсіз. Бірақ мен осы бағытты абыройлы атқарып өтетінімізге сенемін.

Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам құруды мақсат еткен Мемлекет басшы­сының демократиялық қоғамға жол бас­тай­тын бастамаларын қол­дай оты­рып, оның еліміздің өмірі­не ете­не енуіне баршамыз бір ауыз­дан атсалысуымыз қажет деп есептеймін.

 

Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ,

Сенат депутаты

Соңғы жаңалықтар

Мессидің халі «мүшкіл»

Спорт • Бүгін, 22:12

Үздіктер іріктеле бастады

Футбол • Бүгін, 22:10

Еуропадан жеңіспен оралды

Спорт • Бүгін, 22:09

Бейсен Құранбек турнирі

Қоғам • Бүгін, 22:07

Еріктінің еңбегі ерен

Қоғам • Бүгін, 22:04

Үйлі болған үлескер көп

Қоғам • Бүгін, 22:02

Жүректің көзі ашылса...

Қоғам • Бүгін, 22:00

Моңғолды мойындатқан Тұрар

Тарих • Бүгін, 21:51

Шертпе күйлер шеруі

Өнер • Бүгін, 21:49

Аққан жұлдыз ізімен

Таным • Бүгін, 21:46

Сахнаға адалдық

Өнер • Бүгін, 21:42

Доллар тағы қымбаттады

Қаржы • Бүгін, 16:13

Ұқсас жаңалықтар