- 2020 жылы Мәдениет туралы заңнамаға түзетулер енгізілді. Оларға сәйкес концерттер мен басқа да мәдени іс-шараларға қатысты нормалар көзделген. Яғни, әртіс өзін көрермендердің алдында дұрыс ұстауы керек. Сонымен қатар, фонограммаға қойылатын талаптар да бар. Егер әнші фонограммамен өнер көрсетсе, ол бұл туралы ескертуі керек. Бірақ қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте ешқандай жаза немесе айыппұл қарастырылмаған, - деді Қ.Сейітова.
Министр орынбасарының айтуынша, заңнамаға түзетулер енгізу - үлкен процесс. Қазір әртістердің сахна мәдениеті туралы мәселе зерттеліп жатыр. Атап айтқанда, заңды және жеке тұлғаларға қатысты 150-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салу көзделеді.
Айта кетейік, бұл шаралар әлі күшіне енген жоқ, тек қарастырылып жатыр.
Күміс Сейітова бұл мәселе әртістермен және концерт ұйымдастырушыларымен талқыланатынын және осы түзетулер жақын арада күшіне енуі мүмкін екенін тілге тиек етті.