Бұл жарыстар Қазақстан құрамасының спортшылары үшін алдағы әлемдік жарыстарға іріктеу кезеңі саналады.
«Әлем чемпионатының кезеңдері үшін 12 спортшы іріктеледі: 6 ер және 6 әйел», деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.
Турнирде еліміздің ең мықты спортшыларымен қатар ұлттық құраманың жетекшілері өнер көрсетеді.