Тағайындау • 04 Қазан, 2022

Олжас Абраев УЕФА-ның ресми өкілі болып тағайындалды

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Олжас Абраев УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі италиялық  «Интер» және испаниялық «Барселона» арасындағы ойынның делегаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Олжас Абраев УЕФА-ның ресми өкілі болып тағайындалды

Ойын 4 қазаннан 5 қазанға қараған түні Астана уақытымен 1:00-де өтеді. 

УЕФА делегаты – матчты ұйымдастыруға жауапты, қауіпсіздік сұрақтары мен жарыстың тәртібін сақтауды бақылайтын УЕФА-ның ресми өкілі. 

Олжас Абраев 2013 жылдан бастап УЕФА матчтарының делегаты қызметін атқарып келеді. Ал 2016 жылдан бастап ФИФА матчтарының комиссары, сонымен қатар УЕФА-ның маркетинг бойынша консультативті кеңесінің мүшесі.