Қазақстан • 04 Қазан, 2022

Үндістанның фармацевтикалық компаниясы Қарағанды облысында зауыт ашады

50 рет көрсетілді

Үндістанның Tanushree Air Techniques компаниясы Қазақстанға сапармен келіп, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды ​​облысында «Саран» индустриялық аймағы аумағында толық циклді химиялық-фармацевтикалық зауыт салу жобасы талқыланды.

Жобаны халықаралық GMP стандарттарына сәйкес жүзеге асыру 170 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Өнім ішкі және жақын маңдағы нарықтарға жеткізіледі. Жобаның құны 30 миллион доллардан асады.

Tanushree Air Techniques компаниясының директоры Апурвасинх Чавада өз сөзінде Қазақстанда дәрі-дәрмек шығаратын зауыт ашу ниеті туралы айтып, сонымен қатар компания өндірісті ұйымдастырумен қатар, қазақстандық қызметкерлерді жоғары технологиялық жабдықпен жұмыс істеуді оқытуды да өз мойнына алатынына сендірді. 

«Бізде Үндістанның фармацевтикалық өнеркәсібінде 20 жылдық тәжірибеміз бар, 140-тан астам жобаны аяқтадық және әлемнің көптеген елдеріне өнім жеткіземіз. Қазақстанда біз Орталық Азия аймағындағы өндіріс тізбегін кеңейту жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», деді Апурвасинх Чавада.

Ұлттық компанияның басқарма төрағасы өз кезегінде, Үкімет тарапынан серіктестерді инвестициялық әлеует пен фармацевтика саласындағы шетелдік бизнесті қолдау шаралары туралы хабарлап, сондай-ақ KAZAKH INVEST қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Соңғы жаңалықтар

Конституциялық мәртебе берілді

Қазақстан • Бүгін, 01:05

Блогер журналист емес!

Қоғам • Бүгін, 00:52

Сот жүйесін жетілдіру

Саясат • Бүгін, 00:06

Мақташылардың мұңы

Экономика • Кеше

Уақыт талабы

Қоғам • Кеше

Күрескер Гейне

Әдебиет • Кеше

Ажалды жеңген Аспан

Әдебиет • Кеше

Ағаш көшеті егілді

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар