Жоба «Театр өнері», «Хореографиялық өнер», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» сияқты 4 номинация бойынша 19 сыйлықты қамтиды. Сонымен қатар балалар жылына орайластырылған «Үздік балалар спектаклі үшін» арнайы жүлде жарияланды.
Вице-министр UMAI ұлттық сыйлығы Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен жекелеген өнер қайраткерлерін елеулі кәсіби жетістіктері үшін қолдауға бағытталғанын атап өтті.
«Қатысушылардың өтінімдері осы жылдың 9 желтоқсанына дейін қабылданады. Номинанттардың жұмысын құрамына Қазақстанның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері кіретін сараптама комиссиясының мүшелері бағалайды. UMAI Ұлттық сыйлығының жалпы жүлде қоры - 54 млн теңге. Айта кету керек, сыйлық шығармашылық ұжымдарға және жекелеген өнер қайраткерлеріне 2020 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың шілдесіне дейін екі театр, концерт, өнер маусымында жасалған спектакльдер, концерттер, шығармашылық жобалар, өнер туындылары үшін беріледі», деді Нұрғиса Дәуешов.
Номинанттардың өтінімдері UmaiAstanaOpera@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.