Қаржы • 05 Қазан, 2022

Доллар бағамы төмендей бастады

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 470,06 теңгені құрап, тағы 2,54 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы төмендей бастады

Ресей рублінің орташа бағамы да 7,93 теңгеге (-0,06) дейін төмендеді.

Қытай юані мен еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк Юань бағамын 66,45 теңгеге, еуроны 466,91 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 471-475 теңгеден, еуроны – 460-467 теңгеден, ресей рублін – 7,35-7,65 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 5 қазандағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы өзгерді.

Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,14%-ға арзандап, барреліне 84,46 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағалары 0,32%-ға өсіп, барреліне 74,57 долларға жетті.