Жол бойындағы ауылдар тұрғындары мен кездескен жолаушылардың ықыласына бөленіп, бірге суретке түсе жүріп 8 мың шақырымды жаяу еңсерген ұлытаулық жиһанкез Ақтауға жетті. «Ұлытауға бардың ба?..» деп ұрандатқан қарияның айтуынша, ол саяхатқа шығуды 6 жыл бойы армандаған екен. Бірақ тек осы жылдың наурызында ғана жүзеге асыруға мүмкіндік болған. Қария осы сапары арқылы бірнеше мақсатқа қол жеткізуді жоспарлаған.
– Бірінші мақсатым – Ұлытау өңірінің қазақ тарихында алатын орнын елге насихаттау. Екінші мақсатым – қазақтың ұлттық қолөнер шеберлерін түгендеп ЮНЕСКО-ға енгізу. Үшіншісі – ұмытылып кеткен қазақтың ұлттық қымыз мейрамын елге насихаттап түсіндіру, – деді Сәрсенбай Қотырашев.
Ұзақ сапарды аяқтап, Ақтауда журналистермен жүздескен ол сапары барысында тұрғындар көмектескенін, әсіресе азық-түлік, сусын әкелетіндер көп болғандығын, суретке түсуге құмар балалар саны артқанын жеткізді.
Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы егде жаста
8 мың шақырым жолды жүріп өткен адам осы уақытқа дейін тіркелмегендіктен, 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашевтың Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін екендігін хабарлады. Ал жиһанкез болса енді әлемді шарлап, Қазақстанды танытуды армандап жүргенін айтады.
Маңғыстау облысы