Әлем • 06 Қазан, 2022

Лиз Трасстың рейтингі күрт төмендеуде

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лиз Трасстың Ұлыбритания премьер-министрі болғанына тура бір ай болды. Осы аралықта оның рейтингі төмендеп үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz Euronews сайтына сілтеме жасап. 

Лиз Трасстың рейтингі күрт төмендеуде

YouGov аналитикалық компаниясы жүргізген сауалнамаға сәйкес, СІМ-нің бұрынғы басшысын британдықтардың тек 14%-ы ғана қолдайды. Бұл көрсеткіш, тіпті, Борис Джонсонның рейтингінен кем түсті.

Оның үкіметі ұсынған салық реформасы ең бай британдықтар үшін табыс салығының мөлшерлемесін 45%-дан 40%-ға дейін төмендету болды. Бұл, тіпті, консерваторлар тарапынан да қолдау таппады, осының әсерінен фунт стерлинг те рекордтық деңгейде төмендеді.

«Осы қиын кезеңдерде біз жедел әрекет етуіміз керек. Мен Ұлыбританияны аласапыраннан аман-есен алып шығып, бізді ұлт ретінде нығайтуға бел будым. Бұл миссияда маған британдықтарға деген берік сенімім көмектеседі», деді Лиз Трасс.

Бирмингемдегі Консервативтік партия конференциясында сөйлеген сөзінде Лиз Трасс назарды экономикалық саясаттан басқа жаққа ауыстыруға тырысты. Алайда онысы да сәтті бола қойған жоқ. Премьер-министрдің сөзін «Гринпис» белсенділері бөлді. Ол Лиз Трасс климаттың өзгеруімен күресу бойынша бірқатар шараны алып тастайды деген қауіптен туындаған.

Бүгінде Британ үкіметі басшысының назарын талап ететін негізгі мәселелердің бірі – инфляция мен өмір сүру құнының өсуі. Сенбі күні Корольдікте соңғы он жылдықтардағы ең ірі теміржолшылар ереуілі басталды.

 

 Жансая ӘНУАР