Ильхам Бақтыбайұлы Аметовтің заңгерлік және ветеринарлық білімі бар. Жапонияда ауыл аудандарын дамыту бағыты бойынша тағылымдамадан өткен.
Әр жылдары ветеринар-фельдшер, ветеринариялық дәрігер, шаруа қожалығы директорының орынбасары, АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ тағайындалғанға дейін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметі мен өңірдің аумақтық инспекциясының әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін атқарды.