Қоғам • 06 Қазан, 2022

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды

35 рет көрсетілді

Алматыда қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша 9 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сот 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың қарашасы аралығында алаяқтық үшін екі рет сотталған Я. есімді азаматшаның қаржы пирамидасын құрып, басқарғанын анықтады. Бұдан әрі ол компанияға тағы 7 азаматты тартып, олардың атына I және G жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін тіркеді. Жоғарыда аталған серіктестіктер жаңа салымшылардың ақшалай жарналары есебінен бұрын жүгінген салымшыларды ақшалай қаражатпен байыту үшін қызмет етті», делінген сот хабарламасында.

Соттың мәліметінше, сотталушы құрған схема республика аумағында тыйым салынған қаржы пирамидасы болған. Бұл ретте күдікті Астана, Тараз, Ақтау, Қарағанды және Семей қалаларында құрылымдық бөлімшелер құрды, олар да жәбірленушілерді тартып, оған тікелей есеп берді.

«Жеңіл пайда табуды қалап, ол басқа қатысушылармен бірлесіп, табысы жоғары инвесторларды тарта отырып, жарнамалық кампаниялар жүргізді. Экономикалық қызметке лицензиясы жоқ ЖШС салымшыларды тартумен айналысып, оларға валюта нарығында ойдан шығарылған инвестициялық операцияларды ұсынды. Осы схемамен 209 жәбірленушіге аса ірі мөлшерде - 931 672 миллион теңге шығын келтірілді», делінген хабарламада.

Сот үкімімен 8 адам қаржы пирамидасын және олардың құрылымдық бөлімшелерін құруға және басқаруға, сондай-ақ қаржы пирамидасының қызметіне жәрдемдесуге кінәлі деп танылды.

«Сотталушы Я-ға коммерциялық және қаржы ұйымдарының басшылығымен байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 9 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Қалған сотталушыларға 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», деп түйіндеді Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Ұмытылмас тарихи сәт

Пікір • Бүгін, 07:43

Батыл көзқарас, байыпты жол

Пікір • Бүгін, 07:42

Ел сенімін арттырған

Пікір • Бүгін, 07:41

Қапысыз халық қалауы

Пікір • Бүгін, 07:40

Шағын бизнестің шарапаты

Бизнес • Бүгін, 07:39

Сапалы интернет қолжетімді

Қоғам • Бүгін, 07:35

Ұқсас жаңалықтар