Президент • 06 Қазан, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаушылар форумына қатысты

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының қатысуымен қолдаушылар форумы өтті. Жиында халықтық коалиция Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаушылар форумына қатысты

Форумда еліміздегі түрлі саяси партиялар мен республикалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері алдағы президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады.

Мемлекет басшысы форумда сөз сөйлеп, өзіне сенім артқаны үшін шараға қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Форумға AMANAT, «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы секілді саяси партиялардың және 30-дан астам республикалық қоғамдық ұйымның атынан екі мыңнан астам өкіл қатысты.