Үкімет • 08 Қазан, 2022

Үкімет басшысы көкөніс қоймаларын жедел толықтыруды тапсырды

230 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағалары және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы көкөніс қоймаларын жедел толықтыруды тапсырды

Жиын барысында ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев жыл басынан бері ӘМАТ бағасының 19,6%-ға, оның ішінде өткен аптада 0,1%-ға көтерілгенін айтты. Өңірлер бойынша ең жоғары көрсеткіштер Ұлытау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Алайда соңғы уақытта елімізде бірқатар тауар позицияларының, соның ішінде пияз бен қант бағасы төмендеп келеді.

sd3v7xqlrOXdF1EpakrGJw3cFigjHeIh4I5nlHgd5g4A8KgG20WH6_oXUAnLQARvE3zrNOHXXBzDKYpO2ogSopyIrz7E7vEDbpWA9xkx5pOOgwRE3KFjQgGBC8Tu.jpg

Сондай-ақ ол бүгінгі таңда қарақұмық, күріш, картоп, сәбіз, күнбағыс майы, әлеуметтік нан, ұн, кеспе және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бағаны тұрақтандыру үшін 186,1 мың тоннаға жуық ӘМАТ қоры бар. Сонымен қатар өңірлерде көкөністерді жинау жұмыстары жалғасып жатыр, бұл тұрақтандыру қорларының азық-түлік базасын одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Премьер-Министр қазіргі уақытта биылғы егіннен жиналған көкөніс өнімдерінің бағасы төмен екенін атап өтті. Осыған байланысты өңірлердің әкімдері тұрақтандыру қорларын белсенді түрде толықтыруы қажет.

«Наурыз айынан маусым айына дейін жалғасатын маусымаралық кезеңде тапшылықты болдырмау және қымбат көкөністерді сырттан тасымау үшін қоймаларды қазірден бастап пияз, картоп, сәбіз, қырыққабатпен толтыру қажет. Маусымдық кезеңде бағаны интервенциялау және көкөніс бағасының шарықтап кетуіне жол бермеу үшін оларды ең төмен бағамен сатып алатын мүмкіндікті қазірден тиімді пайдалану қажет», деді Әлихан Смайылов. 

P7ElwGQvc2umN0_kD5ymRdOwNt7IgseToulBLvNhjX9PTj_2nRhq7e6NN8_BhRho2hFTPiXQZKwFG9IemoD497BiyZEeVD2L3MM8EoV8OLEqb6JiHGtiTevMbVbk.jpg

Сонымен қатар цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов баяндама жасады.

Баяндамашыларды тыңдай келе Премьер-Министр бағаны тұрақтандырудың жаңа тәсілдерін іске асыру аясында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың шоттарындағы қаражатты резервке қойып, оларды өндірушілерді қаржыландыруға жіберу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Премьер-Министр Ұлттық статистика бюросы ұсынған фискалдық деректер операторлары арқылы инфляция мониторингі бойынша жаңа тәсілдерді қолдады. Оның айтуынша, 2023 жылдың басынан бастап бастап жаңа форматқа көшу және осы процеске техникалық қолдау көрсету үшін жұмыс жүргізу қажет.

Оған қоса, Әлихан Смайылов Баға белгілеу тізбегін тексеру жөніндегі аймақтық комиссияларды қайта форматтауды жеделдетіп, Астана қаласының, Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарының әкімдеріне сауда үстемесін 15-тен 10%-ға дейін төмендету жөніндегі меморандумдарға қол қоюды жеке бақылауға алуды тапсырды. 

lKC6MlT7NzhVqQZE1RkhYqRi9RIaA4F3iFkcNf2DqcNR9P08Wf4x8YnXYvccT83_jy0rHKv2Qple1sL1P4HPnf0bIpIRKvLVr9WuCTClwnTSgqG4uxyCH3rfID1H.jpg

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова баяндама жасады. Ол еңбек нарығының барлық негізгі көрсеткіштері бүгінгі таңда тұрақты екенін хабарлады. Бұл ретте мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын қосқанда, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу, бос позицияларды жабу, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру және т.б. жөніндегі шараларды іске асыру жалғасып жатыр.

Премьер-Министр халықтың табысы мен экономиканың өсуіне ықпал ететін ең маңызды фактор ол – тұрақты жұмыс орындарын құру екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы барлық аудандар мен қалалардың әкімдеріне жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға кемінде 100 жұмыс орнын құруды тапсырды. Алайда қазір Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында жұмыс тиімсіз жүргізіліп жатыр», деді Әлихан Смайылов. 

Оның айтуынша, бірқатар облыстарда міндетті зейнетақы жарналары бойынша төмен көрсеткіштер байқалады және жалған жұмысқа орналасу фактілері анықталып жатыр.

Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр әкімдерге жұмыспен қамту мәселелерін және жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету жөніндегі шараларды бақылауды күшейтуді тапсырды.