Білім • 09 Қазан, 2022

Министрлік Алматыда үйсіз қалған студенттер туралы бейнероликке жауап берді

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі үйсіз жүрген студенттер бейнеленген видео авторларын немесе кейіпкерлерін ведомствоға жүгінуді сұрайды. Қажет болған жағдайда министрлік көмек көрсетуге дайын екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік Алматыда үйсіз қалған студенттер туралы бейнероликке жауап берді

Еске сала кетсек, Алматы қаласында студенттерді баспанамен қамтамасыз ету бойынша жедел штаб жұмыс істейді. «Студенттер көмек алу үшін +77786556083 нөміріне жүгіне алады. Сонымен қатар, тұрғын үйді заңсыз көшіру немесе жалға алу құнын арттыру жағдайында азаматтар құқықтық көмек алу үшін Әділет министрлігінің call-орталығына 119 (қалалық телефон үшін) немесе Астана, Алматы қалалары үшін 58-00-58 нөмірі бойынша жүгіне алады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстанда білім және ғылым саласындағы мәселелер бойынша бірыңғай call-орталық жұмыс істейді - 1450.

Сонымен қатар, барлық жоғары оқу орындарында студенттер, олардың ата-аналары, оқытушылар қажетті көмекке жүгіне алатын қоғамдық қабылдау бөлмелері де құрылды.