Руханият • 09 Қазан, 2022

Көктал – мешітімен мәртебелі

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұма күні Астана қаласында жаңа мешіт ашылды. Игі іс-шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жамағатты жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.

Көктал – мешітімен мәртебелі

«Қасиетті жұма күнінде, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген қасиетті Мәуліт айында Астана қаласы бойынша 14-мешіт есігін айқара ашып, жамағаттың игілігіне беріліп отыр. Бұл – көптен күткен қуа­ныш. Өйт­кені осы мешіттің ашылуы бірнеше жылдарға созылды. Алайда Алла Тағала­ның қалауымен сәулеті мен сә­ні жарасқан мешіт бүгін ха­лық игілігіне берілді. Жаңа құл­шылық үйі құтты болсын», деді Бас мүфти Наурызбай қа­жы Тағанұлы.

ҚМДБ төрағасы мешітті сал­ан азаматтарға айрықша ал­ғыс білдіріп, игі тілегін жеткізді. Сон­дай-ақ Бас мүфти жұма нама­зына қатысып, жама­ғатқа уағыз айтты. Жаңа мешіттің имамы болып Ильяс Отаров бекітілді. Айта кет­сек, қаланың Көктал шағын ауда­нында ашылған жаңа мешітте бір мезетте 500 адам құлшылығын өтей алады.