Оқиға • 10 Қазан, 2022

Өскеменде май өндіретін зауыт аумағынан өрт шықты

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде май өндіретін зауыттың аумағынан өрт шықты. Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде май өндіретін зауыт аумағынан өрт шықты

«Өскеменде Путевая көшесінде май өндіру зауыттың аумағынан өрт шықты. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері келген уақытта зауыт шатырының ағаш конструкциялары, көлемі 40 текше метр күнбағыс қабығы бар 2 бункер және 70 текше метр жанып тұрды. Өрт сөндірушілердің жұмысы жоғарылатылған шақыру бойынша жүргізілді», деп хабарлады ТЖД.

Өртті сөндіруге ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 47 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.