Аймақтар • 10 Қазан, 2022

Павлодар облысында балықшылар жоғалып кетті

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында жоғалған балықшылар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Павлодар облысында балықшылар жоғалып кетті

8 қазан Екібастұз полициясына 64 жастағы қала тұрғыны жүгініп, оның 69 жастағы жұбайын іздеуге көмек көрсетуді сұраған.

Оның айтуынша, 5 қазан сағат 12:30 шамасында ер адам УАЗ көлігін басқарып, танысымен бірге балық аулауға кеткен. Сол уақыттан бері олар үйіне оралмаған.

«Бұл өтініш тұлғаның жоғалуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. 9 қазанда Кутояксор көлінің жанынан УАЗ көлігі табылды. Тексеру барысында көлік иесінің құжаттары, ақшасы, ұялы телефондар, автокөліктің кілті машинаның салонынан табылды. Көлікте резеңке қайық болмады, бірақ құтқару кеудешелері сол жерде жатты. Полиция аталған көл маңындағы екі азаматтың кетуі ықтимал жерлерде жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», деп жазылған Polisia.kz таратқан хабарламада.

Жергілікті жерде полиция, ТЖ қызметкерлері, сүңгуірлер, кинологтар мен еріктілер жұмыс істеп жатыр.