Медицина • 10 Қазан, 2022

Қазақстанның 200 ауылында дәрігер жоқ

893 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның 200 ауылында дәрігер жоқ, тағы 400 ауылда медициналық мекемелер жалға алынған немесе апатты жағдайда тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның 200 ауылында дәрігер жоқ

«Ауылдағы нысандарға түгендеу жүргізіліп, нәтижесінде 200-ден астам елді мекенде медициналық пункт жоқ, 400-ге жуық ауылда медициналық мекемелер жалға алынған немесе апатты, бейімделген ғимараттарда орналасқан», деді Ажар Ғиният Үкімет сағатында. 

Айтуынша, ауылдардағы медициналық инфрақұрылымдардың жартысынан көбінің тозығы жеткен. Сондай-ақ ауылдарда маман ташылығы көрініс табуда – 1,7 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 1 мыңнан астам дәрігер, 734 медбике жетіспейді.

Ауыл тұрғындары арасында тыныс алу органдары аурулары жиі кездеседі. Ол – 42,7% құраса, бұл 100 000 тұрғынға шаққанда 17164,4 адам деп көрсетті.

Қазақстандағы ауылдық денсаулық сақтаудың тағы да басқа проблемалары – бақылау динамикасының сапасының төмендігі, консультациялық-диагностикалық қызметтердің төмен қолжетімділігі. 

«Сонымен қатар созылмалы дертке шалдыққан науқастарды қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындары арасында екі есе аз. Бірқатар ауылда дәріхана жоқ», деді Денсаулық сақтау министрі.

 

Жансая ӘНУАР