Аймақтар • 11 Қазан, 2022

«Onay»-мен төлеу арзанға түседі

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында қазанның 15-інен бастап қолма-қол төлейтіндер үшін жолақы 150 теңгеге көтеріледі. Ал «onay» көлік картасы бар жолаушыларға расында оңай. Олар үшін жолақы – 80 теңге. Мұны жергілікті билік сараланған тариф дейді. Әрі тарифтің бұл түрі Әділет министрлігімен келісілген екен.

«Onay»-мен төлеу арзанға түседі

Ресми ұйымдар аталған та­рифті қолданысқа енгізу ар­қы­лы жолаушылардың нақты легін бақылауға, қажет жағдайда қосымша автобустар шығаруға мүмкіндік берілетінін атап отыр. Бюджеттен бөлінетін субсидия да осыдан соң қайта қаралмақ.

– Сараланған тарифті енгізу туралы шешім Әділет ми­нистр­­лігімен келісілді. Тиісті қау­лыға «Автомобиль көлігі тура­лы» заң­ға сәйкес қол қойыл­ды. Ақпа­рат­тық құқықтық жүйе­лерде жарияланды, – деді Қара­ған­ды қаласы коммуналдық шар­уа­шылық, жолаушылар кө­лі­гі және автомобиль жолдары бө­лі­мінің басшысы Әлібек Дүйсембеков.

Сонымен қатар ол Қарағанды қаласының ішіндегі № 118, 145 экспресс-бағыттардағы қосымша ақы төлеу жойылатынын хабарлады. Жолақыны қолма-қол төлеген жолаушыларға ерекше үлгідегі қағаз билет беріледі.

Бүгінгі таңда Қарағанды қа­ла­сындағы қоғамдық көлікте карта төлемінің үлес салмағы 60%-ға жеткен. Жария етілген деректер күн сайын «onay» кар­та­сымен шамамен 150 мың төлем жасалатынын мәлімдейді. Ма­мандар сараланған тариф іске қосылғанда картамен төлеу 95%-ға дейін артатынын болжайды. Осы күні қоғамдық көліктің бәрінде картамен төлейтін құрал орнатылған.

– Барлық автобуста «onay» электронды жолақы төлеу құралы орнатылған. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін бізде қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Қаланың әр ауданында азаматтарды тіркеу орталықтары ашық. Бірыңғай көлік картасын қалада 70-тен астам жерден сатып алуға болады, – дейді «Алматы қала­сы­ның көлік холдингі» ЖШС Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Георгий Когай. Бүгінгі таңда жолақыны төлеудің әртүрлі тәсілдері қол­да­нылады. Ол – карта, QR-код, көлік коды, SMS арқылы. Сон­дай-ақ қолма-қол ақшамен төлеуге рұқсат.

Автопарктер қоғамдық көлік тасымалына тағы 92 жаңа автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Бұйырса, тағы жаңа 40 көлік жолаушылар тасыма­лы­на шығады. Былтырғы жел­тоқ­сан­нан бастап, қол­да­нысқа енген «onay» элек­трон­ды төлем жүйесінің картасын 195 мың қарағандылық ал­ды. Оның 111 мыңға жуығы же­ңіл­де­тілген са­наттағы тұрғын­дар болса, Бірың­ғай картаны 80 мың азамат сатып алған екен.

Қалааралық маршруттарда тариф­тер өзгеріссіз. Онда жол­а­қы­сын тек қолма-қол төлеу ке­рек.

 

ҚАРАҒАНДЫ