Әлем • 11 Қазан, 2022

Жапония коронавирус шектеулерін алып тастады

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония коронавирусқа қатысты енгізілген шектеу шараларын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапония коронавирус шектеулерін алып тастады

РБК мәліметінше, енді шетелдіктер туристік топтардың құрамында емес, ел бойынша жеке саяхаттай алады.

Елге бизнес және оқу мақсаттары үшін кіруге қолданылатын шектеулер де алынып тасталады.

Жапонияға күніне 50 мың адамға дейін кіру лимиті де жойылды. Сонымен қатар елге кірушілер кем дегенде үш рет вакцинацияланған болса, олар ПТР сынағы мен карантиннен босатылады.