Қаржы • 11 Қазан, 2022

Инвестициялық табыс көлемі 742 млрд теңгені құрады - Ұлттық банк

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов қыркүйек айының соңында БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері 14,1 трлн теңгені, ал инвестициялық табыс көлемі жыл басынан бері 742 млрд теңгені құрағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инвестициялық табыс көлемі 742 млрд теңгені құрады - Ұлттық банк

«БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері 14,1 трлн теңгені құрап, жыл басынан бері 1 трлн теңгеге немесе 8%-ға өсті», деді Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы инвестициялық табыс көлемі жыл басынан бері 742 млрд теңгені, зейнетақы жарналары - 1 238,5 млрд теңгені, зейнетақы төлемдері - 197,4 млрд теңгені, мерзімінен бұрын алып қою - 858,5 млрд теңгені құрағанын хабарлады.

«Соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің кірістілігі 7,5%-ды құрады. 5 жыл ішінде зейнетақы активтерінің жинақталған кірістілігі 55,8%-ды құрады. Сондай-ақ жинақталған инфляция 53,7%-ды құрады», деп нақтылады Ғалымжан Пірматов.