Футбол • 12 Қазан, 2022

U-19: Қазақстан қыздар құрамасы Андорраны ұтты

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Андорра қыздарының арасындағы матч кеше Алматы қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.

U-19: Қазақстан қыздар құрамасы Андорраны ұтты

19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 2022-2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің қорытынды ойынын Андоррамен өткізді.

Кездесуде Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екі голды да Анастасия Тян соқты.

Іріктеу кезеңінде үш ұпай жинаған біздің қыздар өз тобында екінші орын алды.