Қоғам • 12 Қазан, 2022

Мәжіліс «Геодезия және картография туралы» заң жобасын мақұлдады

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс «Геодезия және картография туралы» заң жобасын мақұлдады

Құжатты Ержан Құдайберген палатаның жалпы отырысында таныстырды. Оның айтуынша,  заң жобасы геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік саясатты үйлестіруді күшейту және жалпылама енгізу мақсатында әзірленген.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Түзетулер тұжырымдамалық аппаратты жаңа анықтамалармен толықтыруға, уәкілетті органның құзыретін нақтылауға, геодезиялық пункттердің сақталуын қамтамасыз етуге, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілері мен Ұлттық кеңістіктік деректер қоры арасындағы жауапкершілікті шектеуге бағытталған. Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру қағидалары, мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі нақтыланды. Заң жобасының жекелеген нормаларын енгізу мерзімдері белгіленді.