Президент • 12 Қазан, 2022

Қатар Әмірі ҚР Президентін футболдан әлем чемпионатына шақырды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты футболдан өтетін әлем чемпионатына шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қатар Әмірі ҚР Президентін футболдан әлем чемпионатына шақырды

«Футболдан әлем чемпионаты қараша айының соңында басталады. Қазақстанның футбол жанкүйерлерін турнирді тамашалауға шақырамын. Сондай-ақ ҚР Президентін әлем чемпионатын тамашалауға шақырдым. Ол уақытта Қазақстанда президент сайлауы өтетінін білемін, дегенмен, чемпионатқа келесіздер деп үміттенемін», деді шейх Тамим Ақордада Қазақстан президентімен кездесуден кейін өткен брифингте.

Футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесті. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген шейх Тамим бен Хамад әл-Таниді Катар Әмірінің астаналық әуежайында қарсы алды. 13 қазанда шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммитіне қатысады. Катар Әмірінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында 12 құжатқа қол қойылды.