Әлем • 12 Қазан, 2022

Нарендра Модидың арнайы өкілі Астанадағы Махатма Гандиге арналған ескерткішті ашады

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік Сыртқы істер және мәдениет министрі Жоғары мәртебелі Минакаши Лекхи ханым Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди мырзаның арнайы өкілі ретінде 2022 жылғы 12-13 қазанда Астанада АӨСШК саммитіне қатысады, деп жазады Egemen.kz.

Нарендра Модидың арнайы өкілі Астанадағы Махатма Гандиге арналған ескерткішті ашады

Сапар барысында ол Қазақстанның басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен бірге Махатма Гандидің толық бойы көлемдегі мүсінін ашады деп күтілуде.

Махатма Ганди - әлемдегі ең танымал тұлғалардың бірі. Көптеген елдердің көрнекті жерлерінде Махатма Гандидің бюсті мен мүсіндері орнатылған. Алматыда Махатма Гандидің мүсіні 2003 жылы орнатылды. Астана қаласында Махатма Гандидің мүсіні Қазақстан Үкіметі мен Астана қаласы билігінің қолдауымен ескекші арнасы жағасында, арнаның бойындағы Қазақстанның Отан қорғаушылары ескерткішіне қарама-қарсы орнатылды. Бұл екі мүсін де біздің ұлы халықтарымыздың ерекше сипаттамасын білдіреді – әртүрліліктегі бірлік. Дәл осы уақытта мүсіннің орнатылуы өте маңызды, өйткені Үндістан Тәуелсіздігіне 75 жыл және Үндістан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 30 жыл толып отыр. Қазақстанның Астанасындағы Махатма Гандидің мүсіні халықтар арасындағы тығыз байланысты одан әрі нығайтады.

Жақында Астана қаласындағы Үндістан елшілігі Махатма Гандидің туған күнін әйгілі Бәйтерек мұнарасында фотокөрме өткізіп атап өтті.