Қазақстан • 12 Қазан, 2022

Жерді заңсыз иеліктен шығару деректері тексеріледі

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокурор Берік Асылов Бақытжан Сағынтаевтың Алматы әкімі болған кезіндегі жерді заңсыз иеліктен шығару фактілері туралы ақпаратты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жерді заңсыз иеліктен шығару деректері тексеріледі

«Мен Алматы қаласының прокурорына Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың «Медеу» табиғи саябағы аумағының бір бөлігін иеліктен шығару туралы өтініші бойынша ақпаратты жедел тексеруді тапсырдым. Егер расталса, оларды жою және кінәлілерді жауапқа тарту шаралары қабылданады», деп жазды Б.Асылов Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін, Перуашев «Медеу» табиғи саябағы аумағының 20 пайызы Алматыда тұрғын үй құрылысына берілгенін, оның үстіне саябақ басшылығының хабарынсыз берілгенін айтқан. Бұл Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кезінде болған.

 

Жансая ӘНУАР