Қазақстан • 13 Қазан, 2022

Миллиондарды қолды еткен микрокредиттік ұйым қызметкері сотталды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда микрокредиттік ұйымның қызметкері 12 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап, ұтысқа тіккен, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап.

Миллиондарды қолды еткен микрокредиттік ұйым қызметкері сотталды

А. есімді азамат ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 1,2,3-тармағы бойынша – аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған  Павлодар қаласындағы №2 сотының үкімінен 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыскер бұған дейін кеңселері әртүрлі жерлерде орналасқан бірқатар микроқаржы ұйымында маман болып жұмыс істеген. Павлодар қаласының тұрғыны бөлімшелердегі сейфтердің кілтін иемденіп, жеке меншікке қарсы бірқатар ауыр қылмыстар жасапты.

Бастапқыда ол жұмыс күні аяқталған соң, қызметкерлер үйіне қайтқанда сейфтен 1 миллион теңге алып, оны ұтысқа тіккен.Келесі күні тағы екі филиалды аралап, кеңседе ешкімнің жоқтығын пайдаланып, сейфтерден 10 миллион теңгеден астам ақшаны қолма-қол алып кеткен.

А. есімді азамат сол күні таксимен Астанаға кетіп, үш ай бойы жалдамалы пәтерде жасырынған. Ұтысқа тіккен барлық ақшасын айырылған ер адам қайта Павлодарға оралып, полиция бөліміне өзі келіп, кінәсін толық мойындапты.