Теннис • 13 Қазан, 2022

Бублик Флоренциядағы турнирдің ширек финалына шықты

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Флоренцияда (Италия) өтіп жатқан ATP 250 турнирдің екінші айналымында франциялық Корентин Моутені (69-орын ATP) жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бублик Флоренциядағы турнирдің ширек финалына шықты

1 сағат 26 минутқа созылған кездесу 7:5, 6:4 есебімен аяқталды. Ширек финалда Александр америкалық Джон Вольфпен кездеседі. 

Еске салсақ, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бірінші айналымдағы кездесуде Чили өкілі Кристиан Гаринді 7-5, 6-2 есебімен ұтқан еді.