Теннис • 13 Қазан, 2022

Қазақстандық теннисшілер Азия чемпионатында жеңіске жетті

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландта 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Жекелей сында қазақстандық Ариана Гогулина мен Альбина Кәкенова алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілер Азия чемпионатында жеңіске жетті

сурет: ktf.kz

ҚТФ баспасөз қызметі мәлімдегендей, қыздардың алтын медальдарынан бөлек, командалық есепте капитан Владимир Честнов бастаған Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.

14 жасқа дейінгі қазақстандық команданың турнирлік кестедегі соңғы жеңісіне Альбина Кәкенова (Астана), Ариана Гогулина (Астана), Арсений Требухин (Алматы) және Олжас Есеналы (Астана) жетті.