Елорда • 13 Қазан, 2022

Биыл елордаға қанша инвестиция тартылды?

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімі Алтай Көлгінов Моңғолияның вице-премьер-министрімен кездесті. Тараптар бірқатар облыстағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл елордаға қанша инвестиция тартылды?

«Моңғолияның вице-премьер-министрі Сайнбуянгийн Амарсайхан, еліміздегі Моңғолияның Төтенше және Өкілетті елшісі Доржийн Баярхуу және т.б. кездесу өткіздік. Білім, мәдениет, сауда, экономика, туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ инвестициялық климатты жақсарту шараларын талқыладық», деп жазды Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Әкімнің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала мен еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуға жағдай жасап, инвесторларға жан-жақты сервистік қолдау көрсетіліп жатыр.

«2020 жылы елорда экономикасына 1,1 триллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылса, 2021 жылы 1,2 триллион теңгеден астам тартылды. Ағымдағы жылдың 9 айында шамамен 900 млрд теңге тартылған-ды. Бірінші кезекте тұрғындар мен қалаға қажетті жобаларды қолдаудамыз», делінген әкім жазған хабарламада.

еап