Тінту жұмыстары барысында көлік ішінен сатуға дайындалған каннабис тобының есірткісі салынған 35 полиэтилен пакеті табылды. Оның жалпы салмағы шамамен 200 грамм болды.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, аса ірі мөлшерде заңсыз алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.