Қаржы • 13 Қазан, 2022

Несие көлемі артып келеді

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық банк ұсынған мәліметтерге қарағанда, 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандық банктердегі барлық несиелердің көлемі 20,7 трлн теңгені құрады, деп жазады Egemen.kz.

Несие көлемі артып келеді

2022 жылдың басымен салыстырғанда несиелер көлемінің өсімі 18,6%-ды құрады. Мәселен, осы жылдың қаңтар-тамыз айларында жеке тұлғаларға берілген несиелер көлемі 2,0 трлн теңгеге (2022 жылғы 1 қаңтарға +19%) өсті, оның 833,3 млрды ипотекалық несиелер көлемінің өсуіне (+25) келді.

Оның 891,1 млрды - тұтынушылық несиелер (+15%).

«Сондай-ақ тұтынушылық несиелер құрылымында жеңілдетілген бағдарлама бойынша автонесие де ескерілгенін атап өтеміз, оған биыл ғана 100 млрд теңге бөлінген, сондай-ақ қазақстандықтардың тауарды пайызсыз бөліп-бөліп сатып алуы да ескерілген», деп хабарлады Қаржыгерлер қауымдастығы.

Экономистердің пікірінше, үмітсіз несиелердің үлесі де артып келеді,

2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен қарыздар сомасы 786,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 117,9 млрд теңгеге немесе 17,6%-ға артық.

«Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктердің тұтынушылық несиелері бойынша мерзімі өткен берешек көлемі 3,6%-ды, МҚҰ үмітсіз несиелерінің көлемі 9,7%-ды құрайды», деп түсіндірді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы.